10 Ақпан 2023
286

Бизнес құрылымдарында «АИТВ - инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, алдын алу шаралары» тақырыбында семинар

2023 жылдың 9 - шы ақпанында Қызылорда облыстық ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы мен Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарымен бірлесе «Вагонсервис» АҚ - ның «Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс аймақ филиалының» Қызылорда телімінің қызметкерлерінің арасында «АИТВ - инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, жұғу жолдары алдын алу шаралары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында республикадағы,облысымыздағы АИТВ - инфекциясының індеттік жағдайы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары мен АИТВ - инфекциясының зертханалық жолмен анықталуы туралы толық мағұлмат берілді.

Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, семинар аяғында ақпараттық - білім беру материалдары таралды.

Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі С.Балықбаева