07 Ақпан 2023
319

АИТВ-ның алдын алу шаралары жалғасуда    

Қазіргі таңда АИТВ (ВИЧ) инфекциясының індеттік ахуалы республикада да облыста да күрделі күйде қалуда.  АИТВ жұқтырғандардың саны  өсу үрдісімен алғанда республикада 47 мыңнан асса, облыста 252-ге жетті. Аталмыш  індет туғызған проблема тек медицина саласының ғана проблемасы емес, жаһандық проблемаға айналып, қоғамның барлық саласына өзінің кері әсерін тигізуде.  Осы індеттің алдын алу мақсатына Үкімет тарапынан қыруар қаржы жұмсалып жатқанымен осы күнге дейін алдын ала егетін вакцинаның, ағзаны  вирустан толық тазартатын дәрі-дәрмектің табылмауы АИТВ-ның алдын алудағы шаралардың жетімсіздігін көрсетеді. Осыған байланысты осы індеттің маңыздылығын түсіндіру, оның алдын алу үшін салауатты өмір  салты дағдысын жастар санасына  сіңіру, жастар мен жасөспірімдердің АИТВ/ЖИТС жөніндегі ақпараттану деңгейін анықтау, қауіпті індетті жұқтырған адамдарға деген көзқарасын зерттеп білу, осы дерттің жастар арасында  таралуына жол бермеу мақсатында  №222, №253 орта мектептерде «АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері  және оның алдын алу шаралары» тақырыбында оқушылар, мұғалімдер арасында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді және оқушылар тарапынан түрлі рөлдік қойылымдар қойылды.  Мұндай іс-шаралар әрі қарай оқу орындарында өз жалғасын таппақ.