Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылдың 20 қаңтарындағы №27 «Облыстың медицина ұйымдарының 2022 жылды қорытындылауға арналған есеп беру жиналыстарын ұйымдастыру туралы» бұйрығын және Орталықтың 2023 жылға арналған жылдық жоспарын басшылыққа ала отырып ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың 2022 жылды қорытындылауға арналған есеп беру жиналысын ұйымдастыру туралы 23.01.2023 жылғы №31-ө бұйрығымен күн тәртібі бекітілді. Күн тәртібіне сәйкес ЖИТС орталығының бас дәрігері Т.Амитов алғысөз айтып, кеңесті ашып берді. Жиналысқа облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Р.С.Бактиберлина қатысты. ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы бөлімдерінің 2022 жылы атқарған жұмыстары және алға қойған міндеттері, сонымен қатар Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарының атқарылған жұмыстары бойынша мониторинг жасалынды. Жиналыс соңында әртүрлі мәселелер, пікір алмасулар болып, сұрақтарға жауап беріліп, Р.С.Бактиберлина медициналық кеңес мәжілісін қорытындылап, алдағы уақытта қызметтеріне сәттілік тілеп, алғыс білдірді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/909-esep-beru-zhinalysy-jymdastyryldy#sigFreeIde08d3eb2ce