АИТВ-ның алдын алудағы негізгі іс-шаралардың бірі - тұрғындарға АИТВ/ЖИТС жөнінде ақпараттық білім беру болып табылады. Сол мақсатта облыстық ЖИТС орталығының мамандарымен №120, №172 орта мектептерде оқушылар арасында кездесу болды. Кездесу барысында оқушыларға АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары, сақтану шаралары жөнінде айтылып, соңында ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/907-aitv-ny-aldyn-alu-10#sigFreeId1248836280