2023 жылдың 18-ші қаңтарында Қызылорда облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөнініндегі облыстық орталығы мен Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарымен бірлесе «Рем.пассажир вагон» өндірістік кооперативі қызметкерлері мен кір жуу цехының жұмысшылары арасында «АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, жұғу жолдары алдын алу шаралары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында республикадағы,облысымыздағы АИТВ-инфекциясының індеттік жағдайы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары мен АИТВ-инфекциясының зертханалық диагностикасы туралы толық мағұлмат берілді.
Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, семинар аяғында ақпараттық- білім беру материалдары таралды.
Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі
С.Балықбаева