18 Қантар 2023
337

«Мен неге АИТВ/ЖИТС туралы айтамын» тақырыбында кездесу

«Мен неге АИТВ/ЖИТС туралы айтамын» тақырыбында кездесу

Жастар мен жасөспірімдердің назарын АИТВ/ЖИТС мәселесіне аудару және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының мамандары «Orda», М.Саламатов атындағы Қызылорда Қызмет көрсету және сервис колледжінде студент жастармен кездесу ұйымдастырды.

Кездесудің негізгі мақсаты АИТВ-ның алдын алудағы негізгі іс-шаралардың бірі – тұрғындарға оның ішінде жастарға АИТВ/ЖИТС жөнінде ақпараттық білім беру болып, алдын алу шараларын насихаттау болып табылады. Сонымен қатар қазіргі таңда біздің орталығымызда тіркеуде тұратын «Answer» ҚҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры С.Юн өз статусын ашып студент жастар арасында өткізілген іс-шараға «Мен неге АИТВ/ЖИТС туралы айтамын» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,  жастардың алдағы уақытта осы инфекцияны жұқтырмауын, жаман әдеттерден аулақ болып, сақтану шараларын барынша пайдалануды ұсынып, жастармен сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында АИТВ-ның жұғу жолдары, сактану шаралары жөнінде айтып пікір алмасты.