Қызылорда қаласы ЖШС «НОМАДА» поезд жолсеріктері арасында АИТВ/ЖИТС-инфекциясы туралы жалпы ұғым, оның шығу тарихы, жұқтыру көзі, жұқпа жолдары, клиникасы, диагностикасы, антиретровирустық терапиясының қажеттілігі жайлы жан-жақты плакаттар көрсетіліп, сақтану шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, және АИТВ/ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы және облыс аумағындағы эпидемиологиялық ахуалы осы індетпен өмір сурушілер жайлары айтылды. АИТВ-инфекциясын анықтаудағы, антиретровирустық терапия тағайындаудағы соңғы жаңалықтар, тұрғындардың 90 пайызы өз статусын білуге тиістілігі қазіргі уақыт талабы туралы айтылды. Кездесу қызу сұрақ-жауап түрінде қызықты пікір таласпен қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, толық жауап берілді. Ақпараттық танылымдылық материалдар таратылды.
АИТВ-ға өздігінен тестілеуге арналған жинақтың(слюновой тест, капиллярный тест) қалай пайдалану керек екендігі жөнінде көрсетіліп, түсіндірілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/897-biznes-salasynda-aitv-infektsiyasyn-aldyn-alu#sigFreeId01faae0d51