Облыстық ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың мамандары қалалық көпбейінді ауруханасының медицина қызметкерлері арасында семинар сабақ жүргізіді. Семинардың басты мақсаты - Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күнінің биылғы жылғы «Теңдік уақыты» тақырыбымен өткізу себептері, АИТВ - инфекциясын ерте анықтауда медицина қызметкерлерінің үлесі, жастар мен жасөспірімдер арасында осы инфекцияны азайту мақсатында бірлесе атқарылатын іс - шараларды жеткізу.
Семинар барысында АИТВ - инфекциясының қазірігі таңда әлемдегі, республикамыздағы эпидемиологиялық жағдайы, жұғу жолдары, таралу ерекшеліктері, алдын алу жолдары мен зертханалық диагностикасы туралы толық мағүлмат беріліп, медицина қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Бөлім меңгерушісі С.Балықбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/895-1-shi-zhelto-san-d-niezh-zilik-zhits-ke-arsy-k-res-k-nine-aranal-an-is-sharalar-2#sigFreeIde69ca93a76