Облыстық ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың дәрігер-эпидемиологі А.Садвакасова облыстық полиция департаментіне қарасты емханасында медицина қызметкерлері арасында семинар сабақ ұйымдастырды. Семинар барысында АИТВ - инфекциясының республикадағы, облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайы, жұғу және алдын алу жолдары туралы толық мағұлмат берілді. Сонымен қатар, қазіргі таңда АИТВ - инфекциясының зертханалық жолмен анықтау жолдары, оның ішінде жедел – тестілермен анықтау, оларды қою тәртібі мен ережесі туралы айтылды. Семинар аяғында медицина қызметкерлеріне ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
Садвакасова А - дәрігер - эпидемиолог.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/894-politsiya-departamentine-arasty-emkhanada-meditsina-yzmetkerleri-arasynda-seminar-saba#sigFreeIdd123c8b9ba