06 Желтоқсан 2022
242

1 - ші Желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күніне араналған іс - шаралар

Облыстық ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың және  Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарымен бірлесе «Марал - Нұр» ЖШС - нің жолаушы пойыз жол серіктері арасында Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күні  аясында семинар - сабақ жүргізіді.

Семинар барысында АИТВ - инфекциясының қазірігі таңда әлемдегі, республикамыздағы эпидемиологиялық жағдайы, жұғу жолдары, таралу ерекшеліктері, алдын алу жолдары туралы айтылды.

Сонымен қатар, АИТВ - инфекциясын анықтау жолдары, кімдер және қалай тексеріле алатыны, жедел тестілер туралы, оның ішінде сілейкелік тестілер туралы мәліметтер беріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Семинар аяғында ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

Бөлім меңгерушісі С.Балықбаева