02 Желтоқсан 2022
455

«АИТВ/ЖИТС - тің эпид жағдайы, алдын алу шаралары» тақырыбында кездесу

Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күні №198 мектепте мұғалімдер мен оқушылар арасында кездесу, сұрақ - жауап кеші ұйымдастырылды.
Кездесу барысында облыстық  ЖИТС орталығының мамандары Г.Айтмаганбетова, Г.Абдибаева республика, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС - тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын - алу және денсаулыққа байланысты жауапкершілікті арттыру жөнінде ақпараттар беріп, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қашық болуға насихаттады. Сонымен қатар, республика, облыс көлемінде «Теңдік уақыты» ұранымен 2022 жылдың 21 - ші қарашасымен 1 - ші желтоқсан арасында ұйымдастырылып жатқан Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күніне арналған онкүндік кампаниясына тоқталып, қазіргі таңда АИТВ - инфекциясын алдын алуда, оның ішінде осы ауруды жұқтыруға бейім топтармен, жастармен, жасөспірімдермен жұмыс жасауда, қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығы мен ролі туралы ақпарат берді. Қатысушылар тарапынан маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары - слайд, бейнефильмдер көрсетілді, оқушыларға арналған буклеттермен үнпарақтар таратылды.

Айтмаганбетова.Г

Абдибаева.Г