Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Бұл күні бүкіл әлем АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау үшін бірігіп, ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алады. Бұл күні АИТВ-мен күрестің әлі де болса аяқталмағанын, оның өзектілігін еске сала отырып, АИТВ-ның адам өміріне әсері, осы аурудың жұғу ,алдын алу жолдары, АИТВ- жұқтырған адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, стигма мен кемсітушілікті жою тақырыптарында әр түрлі форматта мағлұматтар берілді. Биылғы жылдың ұраны «Теңдік уақыты» («Время для равенства»). Теңсіздік ЖИТС пандемиясының жалғасуына әсерін тигізуде. Алайда біз оны жеңуіміз қажет.Сондықтан ЮНЕЙДС әрқайсымызды осы күні ЖИТС-ке қарсы күресте ілгерілеуге кедергі келтіретін теңсіздіктермен күресуге шақырады. 2022 жылы 25 қарашада Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі студенттерінің арасында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында орталықтың эпидемиолог маманы АИТВ/ ЖИТС-ті алдын алу мақсатында студенттерді індеттік ахуалмен, сақтану шараларымен таныстырып, ақпараттық материалдар таратты.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/883-aitv-ny-aldyn-alu-8#sigFreeId44d9d55b23