Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес куніне орай іс-шаралар жалғасуда. 2022 жылдың 25 қарашасында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер эпидемиологы Жолманова Г, эпидемиолог көмекшісі Бекова Қ М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғарғы колледж студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Теңдік уақыты» ұранымен ЖИТС-ке қарсы күресте кедергі болатын теңсіздік мәселелерімен күресуге, яғни стигма, дискриминацияның алдын алудың маңыздылығына сипаттама берілді. ЖИТС-тің ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу, сақтану шаралары туралы толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Студенттер қойған сауалдарына жауап беріліп, бейне роликтер көрсетілді, буклеттер мен үн парақтар таратылды
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/882-zhastar-men-zhas-spirimder-arasynda-aitv-ny-aldyn-alu-4#sigFreeId32aa6a622d