ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің ұйымдастыруымен, аудандық емхананың эпидемиолог дәрігері мен жастар денсаулық орталығының мамандарының қатысуымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Теңдік уақыты» тақырыбында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында колледж студенттері мен мұғалімдері арасында кездесу өткізілді. Алғы сөзді колледж директорының орынбасары Б.Дайырқұлов бастап, аталмыш іс-шараның маңыздылығына тоқталып, қонақтарды таныстырды. Іс-шара барысында олыстық ЖИТС орталығының Шиелі ауданындағы филиалының меңгерушісі А.Сәдуақасты АИТВ/ЖИТС-тің індеттік ахуалы, жұғу жолдары және алдын алу шаралары туралы мәлімет берді. Аудандық емхананың эпидемиолог дәрігері Ұ.Сүлейменова мен ЖДО маманы С.Қалекевалар салауатты өмір салты, зиянды әдеттердің алдын алу тақырыбында баяндама жасады. Студенттерге тақырыптық видеоролик көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылып, сұрақ жауап алмасты.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/881-te-dik-ua-yty-aitv-zhits-ti-aldyn-alu#sigFreeIdd984b935f5