28 Қараша 2022
338

АИТВ-ның алдын алу шаралары

25 қараша күні Қызылорда қаласындағы Ж.Нүрсейтов атындағы №233 орта мектептің жоғары сынып оқушылары арасында «Дүниежүзілік  ЖИТС-пен күрес күніне арналған «Теңдік уақыты» тақырыбында кездесу өткізілді.  

Кездесудің мақсаты:  АИТВ/ЖИТС-тің ҚР, облыстағы індеттік ахуалы,  АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары,  дискриминация, стигманың алдын алу.

Оқушылармен маманның кездесуінде, аудио-видео роликтер арқылы толық мәлімет берілді. Кездесу соңында ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

ЖИТС-тің  алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының эпидемиолог көмекшісі  Қ.Бекова