26 Қараша 2022
208

«Теңдік уақыты» тақырыбымен кездесу болып өтті

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының маманымен №15 мектеп лицейінде, №43, №197 орта мектептерде жоғарғы сынып оқушылармен Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай «Теңдік уақыты» тақырыбымен кездесу болып өтті. Кездесуге облыстық жастар денсаулық орталығы, ҚПБ ЖПҚБ ЮПБ  мамандары қатысты Кездесу барысында ЖИТС орталығының маманы оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар, оның ішінде қазіргі таңдағы күрделі мәселеге айналып отырған АИТВ/ЖИТС туралы кең көлемде мағұлмат берілді. Орталық маманы АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары жайлы айтып оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.