26 Қараша 2022
359

Əр адам АИТВ-инфекциясы туралы білуі тиіс

№127 Ш.Уəлиханов атындағы орта мектеп-лицейінде оқушылар арасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында, «Теңдік уақыты» тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, жасөспірімдер арасында жауапты мінез-құлық қалыптастыру мақсатында акция өткізілді. Акция барысында сөз алған ЖИТС-тің алдын алу жəне оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының Шиелі аудандық филиалының маманы Т. Ж. Досаев Республикалық, облыстық, аудандық тіркеуге алынған аурулар жайлы ақпараттар бере отырып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Оқушылар назарына "Əр адам АИТВ-инфекциясы туралы не білуі тиіс" атты бейнеролик ұсынылды. Мектеп медбикесі Б. Əлшерова «АИТВ-ның берілу жолдары», «ЖИТС жəне АИТВ-ның алдын алу шаралары» тақырыбында сөз қозғап, мағлұматтар берді. Акция соңында ақпараттық жадынамалар таратылды.