1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес облыс көлемінде 21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «Теңдік уақыты» тақырыбында тұғындар, әсіресе жастар арасында әр түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.
Бүгін 24 қараша күні ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық пен Болашақ университетінің ұйымдастырумен Болашақ универститетінде жастар акциясы өткізілді. Акцияға Облыстық жастар денсаулығы орталығы, жастар ресурстық орталығы, медицина қызметкерлері, бұқаралық ақпарат өкілдері, университет және колледж студенттері барлығы 150 адам қатысты.
Акция барысында АИТВ-ның алдын алу шараларына сәйкес ақпараттық білім беру материалдары таратылды. АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары туралы ақпарат беріліп, жастардың концерттік бағдарламасымен ұласты.
Ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/872-bolasha-universitetinde-zhastar-aktsiyasy#sigFreeId69f345463c