26 Қараша 2022
224

«Теңдік уақыты»

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне «Теңдік уақыты» тақырыбындағы кезекті іс шара 2022 жылы 24 қарашада Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжінде өтті. Студенттер арасында АИТВ/ЖИТС-тің індеттік ахуалы, жұғу жолдары, сақтану шаралары, дискриминация, стигманың алдын алу бойынша эпидемиолог Г.Жұмабекова мағлұмат беріп, бейнероликтер көрсетті. Сұрақ-жауап кеші ұйымдастырылып, студенттер АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша өз ойларын білдіріп, сұрақтарына жауап алды.