26 Қараша 2022
223

Жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ-ның алдын алу

2022 жылдың 22 қараша күні облыстық білім басқармасы, Қызылорда қалалық полиция басқармасы, облыстық жастар орталығы, Қызылорда жастар ресурстық орталығы, ЖИТС-тің  алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығы мамандарының қатысуымен И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық жоғарғы колледжі мен Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің оқытушылары мен студенттері арасында кездесу өткізілді. Өткізілген  кездесудің  мақсаты: студенттер арасында қылмыстың, ерте жүктіліктің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес аясында арналған «Теңдік уақыты» тақырыбында «АИТВ/ЖИТС-тің Қазақстан Республикасы, облыс деңгейіндегі індеттік ахуалы, жұғу жолдары, сақтану шаралары, дискриминация, стигманың алдын алу  туралы түсіндірме жүргізілді, аудио-видео роликтер арқылы толық мәлімет берілді. Кездесу соңында ақпараттық білім беру материалдары таратылды.