Облыстық житыс-тің алдын алу және оғвн қарсы күрес жөніндегі оралық пен Қызылорда облысы бойынша қаж департаменттің бірлескен алқа мәжілесі өткізілгены туралы
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығымен бірлескен алқа мәжілісі ұйымдастырылды. Алқаға қатысушылар 2018 жылы бірлесе атқарылған жұмыстардың қорытындысын, сондай-ақ 2019 жылға алға қойылған мәселелерді талқылады.
Алқа барысында АИТВ-инфекциясының республикадағы, облыстардағы жалпы эпидемиологиялық жағдайы мен бас бостандығынан айыру орындарындағы АИТВ инфекциясының індеттік ахуалы, лагерішілік жұқтыру жағдайлары, осы індетпен өмір сурушілер жайлары,сонымен қатар, АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары туралы айтылды.
Кездесу соңында жұмыстың оң нәтижелері айтылып, 2019 жылы бірлескен жұмыстарды әрі қарай жалғастыру туралы шешім қабылданды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/87-oblysty-zhits-ti-aldyn-alu-zh-ne-o-an-arsy-k-res-zh-nindegi-ortaly-pen-yzylorda-oblysy-bojynsha-azh-departamentini-birlesken-al-a-m-zhilisi-tkizilgeni-turaly#sigFreeIdb8420e1536