26 Қараша 2022
225

Теңдік уақыты

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен №149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен, мектеп аяжаны, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Теңдік уақыты» тақырыбында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында, мектеп оқушыларының арасында кездесу өткізілді. Іс-шара барысында ЖИТС орталығының Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев АИТВ/ЖИТС-тің індеттік ахуалы, жұғу жолдары және алдын алу шаралары туралы мәлімет берді. Мектеп аяжаны салауатты өмір салты, зиянды әдеттердің алдын алу тақырыбында баяндама жасады. Оқушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, сұрақ жауап алмасты.