26 Қараша 2022
378

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектептің ұйымдастыруымен, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Теңдік уақыты» тақырыбында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында мектеп оқушыларының арасында кездесу өткізілді. Іс-шара барысында  Облыстық ЖИТС орталығының Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев Облыстағы аудандағы АИТВ/ЖИТС-тің індеттік ахуалы, жұғу жолдары және алдын алу шаралары туралы мәлімет берді. Мектеп аяжаны А.Есенгелдиева салауатты өмір салты, зиянды әдеттердің алдын алу тақырыбында баяндама жасады. Оқушыларға ақпараттық парақшалар таратылды.