Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында 2022 жылдың 23-ші қарашада инженерно-техникалық колледжде студенттер арасында кездесу, сұрақ-жауап кеші ұйымдастырылды.
Кездесу барысында облыстық ЖИТС орталығының дәрігер –эпидемиологы Г.Айтмаганбетова республика, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын-алу және денсаулыққа байланысты жауапкершілікті арттыру жөнінде ақпараттар беріп, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қашық болуға насихаттады. Сонымен қатар, республика, облыс көлемінде «Теңдік уақыты» ұранымен 2022 жылдың 21-ші қарашасымен 1-ші желтоқсан арасында ұйымдастырылып жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған онкүндік кампаниясына тоқталып, қазіргі таңда АИТВ-инфекциясын алдын алуда, оның ішінде осы ауруды жұқтыруға бейім топтармен , жастармен жасөспірімдермен жұмыс жасауда қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығы мен ролі туралы ақпарат берді. Қатысушылар тарапынан маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары - слайд, бейнефильмдер көрсетілді, жастарға арналған буклеттермен үнпарақтар таратылды.
АйтмаганбетоваГ., дәрігер-эпидемиолог
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/866-aitv-zhits-tan-alaj-sa-tanu-kerek-ta-yrybynda-kezdesu-3#sigFreeId5d5bb98ca9