23 Қараша 2022
409

«Теңдік уақыты» тақырыбында семинар -сабақ

Жылда 1 желтоқсанда –Дүниежүзілік ЖИСТ-пен күрес күні атап өтіледі. Бұл күні бүкіл әлем  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету үшін бірігіп, ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алады.Бұл күні АИТВ-мен күрестің әлі де болса аяқталмағанын, оның өзектілігін еске сала отырып,  АИТВ-ның адам өміріне әсері, осы аурудың жұғу, алдын алу жолдары, АИТВ- жұқтырған адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, стигма мен кемсітушілікті жою тақырыптарында әр түрлі форматта мағұлматтар беріледі. Бұл күн дүниежүзінде  әр жылда әр түрлі ұранмен аталып өтеді. Биылғы жылдың ұраны «Теңдік уақыты»  («Время для равенства»). Теңсіздік ЖИТС пандемиясының жалғасуына әсерін тигізуде.Алайда біз оны жеңуіміз қажет. Сондықтан ЮНЕЙДС әрқайсымызды осы күні  ЖИТС-ке қарсы күресте ілгерілеуге кедергі келтіретін теңсіздіктермен күресуге шақырады.

Республика көлемінде 2022 жылдың  21-ші қарашасы мен 1-ші желтоқсан аралығында  Дүниежүзілік ЖИСТ-пен күрес күніне арналған 10 күндік жүргізілуде.

Осы науқан аясында облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі С.Балыкбаева  2022 жылдың 22-ші қарашасында Қызылорда жоғарғы медициналық колледж студенттері арасында  оқыту семинар-сабағына қатысты. Семинар барысында АИТВ-инфекциясының республикадағы,облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайы, жұғу,алдын алу жолдары мен зертханалық диагностикасы, емі туралы толық мағұлмат  берілді.Семинар барысында колледж студенттерімен қойылған сұрақтарға жауап беріліп, семинар соңында қатысушыларға  ақпараттық- білім беру материалдары таратылды.

Балықбаева С