Ағымдағы жылдың 22 - ші қараша күні «Болашақ» университетінің жоғары колледжі мен «Болашақ» жоғары медициналық жоғары колледжінде Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күніне арналған «Теңдік уақыты» тақырыбында студенттер мен мұғалімдер арасында кездесу, семинар сабағы ұйымдастырылды.
АИТВ инфекциясының алдын алудағы басты шаралардың бірі - салауатты өмір салтын ұстану және ақпараттық білім беру. Қазіргі таңда қатерлі дерттен сақтану жолында түсіндірме, ақпараттық - насихаттық жұмыстардың маңызы зор.
ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер - эпидемиологы С. Сарсенбаева, облыстық жастар денсаулық орталығының валеолог маманы А. Кулмуратованың қатысумен студенттер арасында насихат жұмыстары жүргізілді. АИТВ / ЖИТС дегеніміз не? Оның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат беріп, «АИТВ / ВИЧ туралы» видеороликтер көрсетілді, студенттер мен ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Кездесу соңында жасөспірімдерге арналған АИТВ / ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.
Дәрігер - эпидемиолог С. Сарсенбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/856-te-dik-ua-yty-ta-yrybynda-seminar-saba-y#sigFreeId9396e2a978