22 Қараша 2022
336

«АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, жұғу жолдары, сақтану шаралары» тақырыбында кездесу

Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күніне орай «Теңдік уақыты» тақырыбы аясында 2022 жылдың 22 - шы қарашасында «ОРДА» колледжінің студенттер арасында сұрақ - жауап кеші өткізілді.

Кездесу барысында облыстық ЖИТС орталығының дәрігер - эпидемиологы Г. Айтмаганбетова республика, облыс көлемінде АИТВ / ЖИТС - тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын - алу және денсаулыққа байланысты жауапкершілікті арттыру жөнінде ақпараттар беріп, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қашық болуға насихаттады. Сонымен қатар, республика, облыс көлемінде «Теңдік уақыты» ұранымен 2022 жылдың 21 - ші қарашасы мен 5 - ші желтоқсан арасында ұйымдастырылып жатқан Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күніне арналған кампаниясына тоқталып, қазіргі таңда АИТВ - инфекциясын алдын алуда, оныңі шінде осы ауруды жұқтыруға бейім топтармен, жастар мен жасөспірімдермен жұмыс жасауда қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығымен ролі туралы ақпарат берді. Қатысушылар тарапынан маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары - слайд, бейнефильмдер көрсетілді, студенттерге  арналған буклеттер мен үнпарақтар таратылды.

Айтмагамбетова Г, дәрігер - эпидемиолог