22 Қараша 2022
179

Жалағаш оқушылары ақпараттандырылуда

Жалағаш ауданының Әл - Фараби атындағы №201 мектеп лицейінде 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күніне орай мұғалімдер мен оқушылар арасында іс - шара өткізілді. Аталмыш шараны Жалағаш психоәлеуметтік көмек беру кабинеті дәрігері Бекниязова Айман және мектеп медбикесі Оқап Динара жүргізді. Іс шара барысында АИТВ/ЖИТС — тің жұғу жолдары, сақтану шаралары, індеттің эпидемиологиялық ахуалына тоқталды. Іс шараның, алдын алу жұмыстарының мақсатына, АИТВ жұқпасының қауіптілігі туралы түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Соңында сұрақтар қойылып пікір алмасты.