21 Қараша 2022
304

АИТВ - ның алдын алу

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен 1988 жылы 1 - желтоқсан бірінші рет Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күні ретінде аталып өтілді. Сол жылдан бері жыл сайын әр түрлі тақырыпта айлық, онкүндіктер жарияланып іс-шаралар өткізілуде.

Биылда ЮНЭЙДС ұсынған «Теңдік уақыты» тақырыбында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен 21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында облыс көлемінде тұғындар арасында әр түрлі форматта іс - шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.

21 қараша күні М. Ықсанов атындағы колледжде ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж. Кистаубаева АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында студенттермен кездесу өткізді. АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары туралы ақпарат беріп, облыстағы індеттіх ахуалмен таныстырды. Сонымен қатар, бейнеролик көрсетіліп, жастар тарапынан қойылған сұрақтаурға жауап беріп, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж. Кистаубаева