ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен Шиелі кентіндегі №46 мектеп - лицейінінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күніне орай «Теңдік уақыты» тақырыбында жоғарғы сынып оқушылары арасында АИТВ / ЖИТС - тің алдын алу мақсатында іс - шара өткізілді. Іс - шара барысында ЖИТС орталығының маманы Б. Парманқұлов АИТВ / ЖИТС - тің індеттік ахуалы, жұғу жолдары және алдын алу шаралары туралы мәлімет берді. Мектеп аяжаны А.Әбжанова салауатты өмір салты тақырыбында баяндама жасады. Мектеп психологы Ш. Сәрсенбаева оқушылар арасында психологиялық тренинг өткізіп, іс - шара қорытындыланды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/851-mektep-o-ushylary-a-parattandyryldy#sigFreeId03938b6db0