ЖИТС-тің алды алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева, Г.Жұмабекова қараша айының 16-да АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында №1 қалалық емханада «АИТВ-ның өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары» тақырыбында медицина қызметкерлері арасында семинар сабақ өткізіп, облыстағы індеттіх ахуалмен, нормативтік құжаттармен таныстырып, АИТВ-ның алдын алу , анадан балаға берілуінің алдын алу шаралары туралы ақпараттармен бөлісті.
ҚР ДСМ “АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы 27.11.2020 жылғы№211бұйрығына сәйкес тұрғындарды клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тестілеуге сәйкес ақпаратпен бөлісіп, медицина қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Семинарға барлығы 59 медицина қызметкері қатысты.
Ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері -Ж.Кистаубаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/849-aitv-ny-zekti-m-seleleri#sigFreeId6961ada6ad