ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен Бидайкөл ауылындағы №148 мектептің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күніне орай «Теңдік уақыты» тақырыбында жоғарғы сынып оқушылары арасында АИТВ / ЖИТС - тің алдын алу мақсатында акция өткізілді. Акция барысында ЖИТС орталығының маманы Б.Парманқұлов АИТВ / ЖИТС - тің індеттік ахуалы, жұғу жолдары және алдын алу шаралары туралы мәлімет берді. Мектеп аяжаны Қ.Күзембаева салауатты өмір салты тақырыбында баяндама жасады. Оқушыларға тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/846-aitv-ny-aldyn-alu-te-dik-ua-yty#sigFreeIdcabdb04c79