17 Қараша 2022
305

АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары жалғасуда

Жыл сайын  1-ші желтоқсанда  –Дүниежүзілік  ЖИТС-пен  күрес  күні  атап өтіледі. Бұл күні  бүкіл әлем бойынша  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету үшін бірігіп, ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болғандарды еске алады.

Дүниежүзілік  ЖИТС-пен  күрес  күні  әр жылы белгілі бір тақырыпта өтеді. Биылғы жылдың тақырыбы теңдікке арналып, «Теңдік уақыты!» деп белгіленді. Осыған байланысты дүниежүзінде, оның ішінде Қазақстанда да әр түрлі ақпараттық іс-шаралар өткізілуде.

Осы күн аясында 2022 жылдың 15-ші қарашасында облыстық ЖИТС-тің алын алу және оған қарсы күрес орталығы мен Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарымен «Арлан-Транс-Астана» ЖШС-нің жолсеріктері арасында бірлескен семинар-сабақ өткізілді. Семинар барысында АИТВ-ның әлемдегі, республикадағы, облысымыздағы індеттік жағдайы, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары, АИТВ-ның зертханалық диагностикасы мен емдеу тақырыбында  толықтай мәліметтер беріліп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

 

 ЖИТС орталығының 

эпидемиологиялық бөлім меңгерішісі

Балықбаева С.Ш