ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы Айтмаганбетова Гульзейне Тасхожақызы 2022 жылдың 16 қараша күні қаладағы «Қызмет көрсету және сервис колледж» студенттері арасында сұрақ-жауап кешін ұйымдастырды. АИТВ/ЖИТС-тың әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, дүниежүзіне қауіп төндіріп отырған қатерлі аурудың алдын - алу, оның жұғу жолдары, сақтану шаралары туралы баяндалды. Іс-шара барысында республика, облыс көлемінде «Теңдік уақыты» ұранымен жүргізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні аясындағы кампанияның мақсаты мен міндеттері туралы ақпарат берілді.
Соңғы 10 ай ішіндегі республикадағы, Қызылорда облысындағы АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы жөнінде слайдтар және бейнефильм көрсетілді. Іс-шараға қатысушылар маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары - жастарға арналған буклеттер мен үнпарақтар таратылды.
Айтмаганбетова Г., дәрігер-эпидемиолог
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/842-16-arasha-k-ni-alada-y-yzmet-k-rsetu-zh-ne-servis-kolledzh-studentteri-arasynda-s-ra-zhauap-keshin-jymdastyrdy#sigFreeId926fea817a