16 Қараша 2022
327

Жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ-ның алдын алу шаралары

Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Бұл күні бүкіл әлемдегі адамдар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету үшін бірігіп, ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болғандарды еске алады. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні әрқашан белгілі бір тақырыпқа арналған. Биылғы жылы мұндай тақырып теңдікке арналмақ. Бұл тақырып Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні әлемдік ауқымда алға қойған міндеттердің өсіп келе жатқан тізімін толықтырады. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Қызылорда қаласындағы мінез-құлықты балаларға арналған интернатта, №278 мектеп лицейде, ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы мамандарымен кездесу болып өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасында зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар, оның ішінде қазіргі таңдағы күрделі мәселеге айналып отырған АИТВ/ЖИТС туралы кең көлемде мағұлмат беру болып табылады. Кездесу барысында орталық мамандары АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары жайлы ақпараттандырып,  оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 Н.Смагулова, педагог