12 Қараша 2022
331

АИТВ-ның өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары

ЖИТС-тің алды алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың  ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева  қараша  айының 9-да   АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында Қалалық орталық  емханада  «АИТВ-ның өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары» тақырыбында медицина қызметкерлері арасында  семинар сабақ өткізіп, облыстағы індеттіх ахуалмен, нормативтік құжаттармен таныстырып, АИТВ-ның  алдын алу , анадан балаға берілуінің алдын алу шаралары туралы ақпараттармен бөлісті. Медицина қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Семинарға барлығы 32 медицина қызметкері қатысты.

Ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері -Ж.Кистаубаева