ЖИТС-тің алды алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева. Г.Жұмабекова қараша айының 8-де АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында №4 қалалық емханаға әдістемелік практикалық көмек көрсетті. Сонымен қатар «АИТВ-ның өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары» тақырыбында медицина қызметкерлері арасында семинар өткізіп, облыстағы індеттік ахуалмен, нормативтік құжаттармен таныстырып, АИТВ-ның алдын алу , анадан балаға берілуінің алдын алу шаралары туралы ақпараттармен бөлісті. Медицина қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Семинарға барлығы 34 медицина қызметкері қатысты.
Ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/838-aitv-ny-zekti-m-seleleri-zh-ne-ony-aldyn-alu-sharalary-2#sigFreeId4a5e322f29