Қызылорда қаласы Қызылорда жоғарғы медицина колледжінде студенттер арасында салааралық мекемелердің қатысуымен АИТВ/ЖИТС-инфекциясы туралы жалпы ұғым, оның шығу тарихы, жұқтыру көзі, жұқпа жолдары, клиникасы, диагностикасы, антиретровирустық терапиясының қажеттілігі жайлы жан-жақты видеоролик, презентация көрсетіліп сақтану шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, және АИТВ/ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы және облыс аумағындағы эпидемиологиялық ахуалы осы індетпен өмір сурушілер жайлары айтылды. АИТВ-инфекциясын анықтаудағы, антиретровирустық терапия тағайындаудағы соңғы жаңалықтар, тұрғындардың 90 пайызы өз статусын білуге тиістілігі, сілекейлік жедел тест қою әдісі қазіргі уақыт талабы туралы айтылды. Кездесу қызу сұрақ-жауап ретінде берілген сұрақтарға қанағаттанарлық толық жауаптармен белсенді түрде талқыланып жүргізілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/819-yzylorda-zho-ary-meditsina-kolledzhinde-aitv-infektsiyasyn-aldyn-aluda-tkizilgen-is-shara-turaly#sigFreeId95ac772406