Шиелі кенті «Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде» АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында студенттер арасында дөңгелек стол өткізіліп, еріктілер дайындалды. Колледж аяжаны А.Бегалиева белсенді топтың салауатты өмір салтын қалыптастыруда қосатын үлесі зор екенін және белсенділер арасында еріктілер тобын құруды ұсынды. ЖИТС ОО Шиелі филиалының маманы Т.Досаев АИТВ/ЖИТС туралы қысқа баяндама жасап, індеттік ахуал жайында ақпарат берді. Іс-шара барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақ-жауап алмасып қорытындыланды.