19 Қыркүйек 2022
341

«Денсаулық фестивальі-2022»

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Денсаулық  фестивальі - 2022» аясында жастар арасында спорттық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында АИТВ-ның алдын алу шаралары,  салауатты өмір салтын ұстану денсаулықтың басты кепілі екеніне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.