Шиелі кентіндегі спорт мектебінде жастар мен жасөспірімдер арасында, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС-тің Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуалына тоқталып, сипаттама жасап, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары туралы баяндама жасады. АИТВ/ЖИТС туралы сұрақ-жауап алмасып, парақшалар таратылып, спорттық іс-шараларға жалғасып қорытындыланды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/807-aitv-zhits-turaly-a-parattandyryldy-2#sigFreeId522691d689