28 Шiлде 2022
360

АИТВ-дан сақтану мүмкін бе?

Ендігі жерде ғасыр дерті атанып кеткен аурудан сақтану мен алдын-алудың бірнеше көздерін көрсете кетуді жөн көрдік. Бұқаралық ақпарат құралы да насихат көзінің бір түрі болғандықтан артықтық етпес. ЖИТС (СПИД) бұл адамдардың жасына, ұлтына, бай-кедейлігіне қарамайтын қатерлі де жұқпалы дерт. Сондықтан өзінің осы вирусты жұқтырғанын ауырған адамның өзі де білмеуі мүмкін. АИТВ (ВИЧ) жұқтырған адамның сау адамнан ешқандай айырмашылығы болмайды. Бұл аурудың белгілері әркімде әртүрлі болуы мүмкін. Тек қана дәрігердің көмегімен қаныңызды тексеру арқылы ғана біле аласыз.

АИТВ (ВИЧ) – адамның иммунитет тапшылығының вирусы

ЖИТС (СПИД) – жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы

 

Қандай жолдармен жұғады?

Қан арқылы

а) зақымдалған қанды және қаннан жасалынған препараттарды құю кезінде

ә) зақымдалған қан жұққан медициналық құралдар арқылы

б) нашақорлар ортақ ине немесе шприц пайдаланған кезінде жұғады

  1. АИТВ жұқтырған адаммен қорғансыз жыныстық қатынасқа түскен кезде (мүшеқапсыз)
  2. АИТВ жұқтырған анадан балаға жүктілік және босану кезінде немесе босанғаннан кейін ананың сүті арқылы

АИТВ-ны балаға жұқтырудың алдын алуда қазіргі кезде медицинада арнайы вирусқа қарсы дәрілер қолданады. АИТВ жұқтырған әйелге екіқабат кезінде сол дәрілерді міндетті түрде қолдану керектігін білген жөн. Ал, туылғаннан кейін балаға да сол дәрілер беріледі. Осындай АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары баланың жұқтыруын 2-5 пайызға дейін төмендетеді. Иә, қазіргі кезде АИТВ инфекциясының емі табылмаған, бірақ АИТВ жұқтырған жүкті әйелдің де дені сау бала тууға мүмкіншілігі бар.

 

Қандай жолдармен жұқпайды?

ванна мен бассейінде, дәретханада

ауа арқылы, сөйлескенде, жөтелгенде, қол алысқанда т.б

ортақ ыдыс және басқа да бұйымдар арқылы

 

Қалай қорғануға болады?  

Есірткіден аулақ бол,

Жұқтыру қаупін тудырмайтын мүшеқап жөнінде ұмытпағаның жөн

Ішімдік ішіп, есірткі қолданған кезде жыныстық қатынасқа түспеген жөн себебі, сен ол жағдайда өзіңнің іс-әрекетіңе бақылау жасай алмайсың.

 

Сақтансаң сақтаймын деген. Қауіпті дерттен сақтанып жүрейік!

 

ЖИТС-тің алдын алу

және оған қарсы күрес жөніндегі

облыстық орталығы Шиелі

филиалының лаборанты Д.Алимова