24 Маусым 2022
365

Сыр ұланы лагерінде жасөспірімдер ақпараттандырылды

Аудандық  Білім бөлімне қарасты «Сыр Ұланы» тынығу лагерінде,лагер аға тәлімгері Е.Серіктің  ұйымтастыруымен   тынығушылармен тәлімгерлер арасында «АИТВ және Нашақорлықтың  алдын алу»  тақырыбында іс шара өткізіліп, тынығушыларға АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі филиалының маманы,Т.Досаев ақпараттық жұмыстар өткізді.Сонымен қатар Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуал туралы  мәлімдеді. Іс шара соңында қатысушылармен пікіралмасып,қойылған сұрақтарына жауап берді, көрнекті құралдар, парақшалар таратылды.

ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының эпидемиолог көмекшісі:Т.Досаев