26 Мамыр 2022
486

Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК 169/1 мекемесінде жеке құрамы арасында семинар-тренинг

Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК 169/1 мекемесінде жеке құрамы арасында семинар-тренинг. 

Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК 169/1 мекемесінде жеке құрамы арасында семинар-тренинг өткізілді. Жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде Дүниежүзінде ЖИТС-тен құрбан болғандарды еске алу күні:ЖИТС-тің таралуын тоқтату, қоғамды АИТВ және ЖИТС-ті жұқтырған адамдардың проблемаларына назарын аударту.  2022жылғы кампания «Біздің жадымызда. Біз әрекет етеміз. Біз АИТВ індет санынан көппіз!» ұранымен өткізіледі. Семинардың мақсаты- АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша  АИТВ жұқтыруға қарсы мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, оларды салауатты өмір салтына бағыттау, дискриминация және стигма мәселесін болдырмау болып табылды.

Бағдарламаға сәйкес АИТВ/ЖИТС-тың республикадағы және облыстағы індеттік ахуалы, эпидемиологиясы, алдын алу шаралары,  АИТВ/ЖИТС-тың қоғамға, отбасына тигізетін әсері туралы баяндама жасалды.  Семинар сұрақ-жауап түрінде қызықты пікір таласпен қатысушылар  тарапынан  қойылған сұрақтар талқыланып, толық жауап берілді. Ақпараттық танылымдылық материалдар таратылды.

АИТВ-ға өздігінен тестілеуге арналған жинақтың(сюновой тест) қалай пайдалану керек екендігі жөнінде көрсетіп, түсіндірілді.

 Садвакасова А.Я. – дәрігер-эпидемиолог