ЖИТС орталығының мамандарымен Қызылорда қалалық көпбейінді ауруханасында медицина қызметкерлері арасында семинар-сабақ ұйымдастырылды.
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың мамандары 2022 жылдың 24-ші мамырында қалалық көпбейінді ауруханасына әдістемелік-практикалық көмек көрсету барысында медицина қызметкерлері арасында «АИТВ-инфекциясының республикадағы, облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайы, жұғу және алдын алу жолдары. Кәсіптік жұқтырудың алдын алу» тақырыбында семинар-сабақ ұйымдастырды.
Семинар барасында АИТВ-инфекциясы бойынша 2022 жылдың 4 айында қалыптасқан індеттік жағдай, медицина қызметкерлері арасында АИТВ-ның тіркелуі, облысымызда АИТВ-ның таралу, жұғу жолдары, алдын алу барысында атқарылып жатқан іс-шаралар айтылды.
Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің жұмыс барысында АИТВ-инфекциясын кәсіптік жұқтырудың алдын алу, апаттық жағдай орын алғанда жүргізілетін іс-шаралар бойынша, оның ішінде экспресс-тестерді
(капиллярлық, сілекейлік) қою бойынша практикалық оқыту жүргізіліп, 11 медицина қызметкері қамтылды.
Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі
С.Балықбаева