Шиелі ауданы №270-ші орта мектебінде, жоғарғы сынып оқушыларының арасында АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында, оқушылар арасында кездесу ұйымдастырылып өткізілді. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, Сонымен қатар Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуал туралы мәлімдеді. Іс-шара соңында қатысушылармен пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап берді, көрнекті құралдар, парақшалар таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/792-aldyn-alu-sharalary-zhal-asuda-2#sigFreeIde21e743764