19 Мамыр 2022
461

ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында жүргізілген іс-шара

2022 жылдың 18-ші мамырында  Қызылорда облыстық ЖИТС орталығында  облыстық тері-венерологиялық диспансері, облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығы, облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының,облыстық жастар денсаулығы орталығының , ЖИТС орталығының   мамандарының қатысуымен Халықаралық  ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөгелек үстел барысында  Халықаралық  ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнінің шығу тарихы, бұл күннің мақсаты туралы толық мағұлмат берілді.Сонымен қатар, облысымыздағы, республикадағы АИТВ-инфекциясының індеттік жағдайы, аурудың таралу жолдары мен алдын алу шаралары айтылды.

Республика, облыс көлемінде атқарылып жатқан жүйелі профилактикалық  іс-шаралардың нәтижесінде АИТВ-инфекциясының таралуы  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша «шоғырланған» сатыда тұр.Қазақстанда он жыл ішінде ЖИТС-тен болатын өлім-жітім екі есе азайғаны, бүгінде заманауи медицина жетістіктерінің арқасында АИТВ-инфекциясы созылмалы ауру қатарына қосылғаны ,  АИТВ жұқтырғандар антиретровирустық препараттармен (АРВП) емдеуді уақытында бастап, дәрігердің барлық нұсқауларын орындаса, АИТВ жұқтырған жандар ұзақ және толыққанды өмір сүре алатыны айтылды.

БҰҰ-ның 2021 жылғы Саяси декларациясының мақсаттары мен ЮНЭЙДС-тің  95-95-95 мақсаттарын орындау шеңберінде Қазақстанда АИТВ-жұқтырғандардың   81%-ы өзінің АИТВ статусын біледі, оның ішінде АРТ емін  – 79% қабылдайды, айқындалмайтын вирустық жүктемесі бар науқастар саны – 86%.  

Қызылорда  облысында өсу үрдісімен алғанда  229  ҚР азаматынан  АИТВ-инфекциясы анықталған, 15%-ы – парентералды жолмен , 82 пайызы жыныстық жолмен  жұқтырған.

Биылғы 3 айда  жаңадан 17  жағдай тіркелді. Диспансерлік есепте 148 АИТВ-мен өмір сүретін  адамдар  тұр, олардың 83 пайызы өз АИТВ-статусын білсе, 87 пайызы АРТ емін толық қабылдап, соның арқасында 90 пайызында вирустық жүктемесі айқындалмайтын деңгейге жеткізілген.

Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі

С.Балықбаева