18 Мамыр 2022
452

15 мамыр- Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде ЖИТС-тен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі.

Алғаш рет СПИД-тен қайтыс болғандарды еске алудың халықаралық күні 1983 жылы Сан-Францискода (АҚШ) өткен және оны осы аурудан зардап  шеккен   адамдар тобы ұйымдастырып, сол кезден бастап   осы  ауру  туралы айта бастады. Сан-Францискодан Антиспид қозғалысының символикасы келді: киімге бекітілген қызыл лента және қайтыс болғандарды еске алу үшін жамылғы (квилта) сияқты қолмен тігілген түрлі-түсті кенептер. Бұл атрибуттарды 1991 жылы суретші Фрэнк Мур ойлап тапқан. Қазіргі уақытта Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнінде  адамдар киімдеріне қызыл ленталар тағады.

Бұл атаулы күннің басты мақсаты:

*СПИД-тен қайтыс болғандарды еске алу;

*АИТВ және ЖИТС-пен өмір сүретіндерді қолдау;

* АИТВ/ЖИТС-пен байланысты стереотиптерді жою;

* Қоғамды АИТВ/ЖИТС-пен  күресуге жұмылдыру;

ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні  – бұл АИТВ/ЖИТС-ке   бей-жай қарамайтын адамдар үшін және  АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдардың сау адамдар сияқты тең азаматтық құқықтары барын, оның ішінде   жұмыс жасауға, өмір сүруге және еркін жүріп-тұруға толық құқықтары барын жеткізу. Бұл күні өткізілетін іс - шаралардың басты міндеті-бүкіл халықтың назарын осы проблемаға аудару, АИТВ жұқтырудан қорғаудың алдын алу шараларын білмейтін немесе орындағысы келмейтін кез келген адам осы ауруды жұқтыруы мүмкін екенін еске салу.

      Биылғы жылы  бұл күн 15-ші мамыр болып бектіліп,  ЮНЭЙДС-тің  "Біздің жадымызда! Біз әрекет етеміз! Біз АИТВ індетінен көппіз! Ұранымен өтуде.

Ұран ЖИТС-тен қайтыс болғандарды ұмытпауға, ақпараттық және профилактикалық бағдарламалар мен жобаларды белсенді іске асыруға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды (АӨА)  стигмалауға және кемсітуге болмайтынын түсінуге шақырады. 

Бүгінде заманауи медицина жетістіктерінің арқасында АИТВ-инфекциясы созылмалы ауру қатарына қосылды. Антиретровирустық препараттармен (АРВП) емдеуді уақытында бастап, дәрігердің барлық нұсқауларын орындаса, АИТВ жұқтырған жандар ұзақ және толыққанды өмір сүре алады.

Қазақстанда он жыл ішінде ЖИТС-тен болатын өлім-жітім екі есе азайды.  

Жүргізілген жүйелі профилактикалық шаралардың нәтижесінде елімізде АИТВ-инфекциясының таралуы  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша «шоғырланған» сатыда сақталып отыр. Бір жыл ішінде тестілеу көлемі 15 пайызға артты. Есепке қою кезінде жүкті әйелдерді АИТВ-ға  тестілеумен қамту 99,6% құрады.

БҰҰ-ның 2021 жылғы Саяси декларациясының мақсаттары мен ЮНЭЙДС-тің  95-95-95 мақсаттарын орындау шеңберінде Қазақстанда АИТВ-жұқтырғандардың   81%-ы өзінің АИТВ статусын біледі, оның ішінде АРТ емін  – 79% қабылдайды, айқындалмайтын вирустық жүктемесі бар науқастар саны – 86%.  

Қызылорда  облысында өсу үрдісімен алғанда  229  ҚР азаматынан  АИТВ-инфекциясы анықталған, 15%-ы – парентералды жолмен , 82 пайызы жыныстық жолмен  жұқтырған.

Биылғы 3 айда  жаңадан 17  жағдай тіркелді. Диспансерлік есепте 148 АИТВ-мен өмір сүретін  адамдар  тұр, олардың 83 пайызы өз АИТВ-статусын білсе, 87 пайызы АРТ емін толық қабылдап, соның арқасында 90 пайызында вирустық жүктемесі айқындалмайтын деңгейге жеткізілген .

 

Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі Салтанат Балықбаева