18 Мамыр 2022
395

АИТВ/ЖИТС және жастар

Қармақшы аудандық ПӘК кабинетінің дәрігері А.Балмаханованың ұйымдастыруымен Қармақшы аудандық агротехникалық колледжінде "АИТВ/ЖИТС және жастар" тақырыбында семинар тренинг өткізілді. Аталмыш тренингтің мақсаты ЖИТС ауруынан қайтыс болғандар күніне тоқталып өту, АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы, жұғу жолдары, сақтану шаралары жөнінде ақпарат беру, сондай-ақ жастардың бойында АИТВ жұқтыруға деген стереотипті мінез-құлықты қалыптастыру болып табылады. Тренинг барысында сұрақтарға жауап бере отырып, толық және нақты мағлұматтар берілді.

Балмаханова А., Қармақшы ауданы ПӘК кабинетінің дәрігері.