Шиелі индустриалды аграрлық колледжінде Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне байланысты АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында оқушылар арасында кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Колледж аяжаны, тәрбие орынбасары Б.Дайрақұлов іс-шараның маңыздылығына тоқталып, білім АИТВ/ЖИТС бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті. Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев жұқтырылған ауруды емдеуге қарағанда, АИТВ/ЖИТС-ты жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы және тиімді екенін айтты. Сонымен қатар Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуал туралы мәлімдеді. Іс-шара соңында қатысушылармен пікір алмасып,студенттерден сауалнама алынып, қойылған сұрақтарына жауап берді, бейнеролик көрсетілді ,көрнекті құралдар, парақшалар таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/782-dfgsertbdfsbgbgfbg#sigFreeIddedb3ae0b3